Велоспорт

Винокуров Якоб Фульсангтың командада қалуы туралы пікір білдірді

Винокуров Якоб Фульсангтың командада қалуы туралы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Якоб Фульсанг «Астана» велокомандасымен тағы екі жылға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 2021 жылдың соңына дейін «Астана» командасында тер төгеді.

«Менің «Астана» сапында жүргеніме жеті жыл болды. Бұл жобаның мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Өз үйім сияқты. Қолдауларыңыз да керемет – велошабандоздардан бастап, қызметкерлер және спорттық директорларға алғыс білдіремін», - дейді Фульсанг.

Даниялық спортшы болашақта талай жеңіске жететініне сенімді.

Команданың бас менеджері Александр Винокуров та Якоб Фульсангтың клубпен келісімшартын созғаны жөнінде пікір білдірді: «Мен Якобтың қалғанына қуаныштымын. Ол биылғы маусымда керемет нәтижелер көрсетіп жүр. Алдағы уақытта да біз оны қолдаудан танбаймыз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер