Әлем футболы

UEFA Чемпиондар лигасы. «Динамо» мен «Олимпиакос» топтық кезеңге қарыс сүйем жақындады

UEFA Чемпиондар лигасы. «Динамо» мен  «Олимпиакос» топтық кезеңге қарыс сүйем жақындады
news-banner7
mobile-news-top

Түнде Еуропа Чемпиондар лигасының үш матчы ойналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Загребтің «Динамосы» өз алаңында норвегиялық «Русенборгты» 2:0 есебімен жеңіп, топтық кезеңге бір табан жақындай түсті. 8-минутта қонақтар қақпасына пенальти белгіленіп, Б. Петкович сәтті пайдаланған. Есеп 1:0. Бірінші таймның орта тұсы ауғанда Оршич есепті еселеп кетті. Екінші таймда гол соғылған жоқ.

Грекияда «Олимпиакос» пен «Краснодар» кездескен еді. Матчтың бірінші таймында қос қарсылас аңдысумен болды. Тек 30-минутта Масурастан дәл пас алған Герреро тура соққысымен көзге түсті, 1:0. Матчтың 75-минутында «Олимпиакостың» бас бапкері Педро Мартинш Масурастың орнына кейінгі кездері ала-құла ойнап жүрген 22 жасар Лазар Ранджеловичті алаңға шығарды. Ойын тағдырын шешкен сәт те осы еді. Ойынға қосылғанына үш минут болған Ранджелович гол соқты. Нәтижелі пас берген Матье Вальбуэна болатын. 86-минутта Ранджелович Поденсе берген пастан кейін дубль авторы атанды. 1 минут өткенде оған сары қағаз да көрсетілді. Ал Поденсе 89-минутта есепті 4:0-ге жеткізді.

Швейцарияның «Янг Бойзы» мен сербиялық «Црвена Звезда» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Ассале 7-минутта-ақ алаң иелерін алға шығарғанда сербиялық команданың шаруасы біткендей көрінген. Дегенмен, команданың жартылай қорғаушысы Милош Дегелек 18-минутта есепті теңестірді. Екінші тайм бастала сала, қонақтардың тағы бір жартылай қорғаушысы Марио Гарсия мергендік танытты, 1:2! «Янг Бойздың» қатты сасқаны анық . 19 минут ішінде үш бірдей ойыншысын алаңға шығарды. 76-минутта алаңға шыққан Оаро пенальтиден есепті теңестіріп кетті.

Қарымта ойындар 27-28 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер