Әлем футболы

БАТЭ клубының бас бапкері журналистердің сұрағына жауап берді

БАТЭ клубының бас бапкері журналистердің сұрағына жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» - БАТЭ арасындағы кездесу алдында Беларусь команданың бас бапкері Алексей Бага журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Еуропа лигасында жеребенің «Астанаға» жолықтырғанына көңіліңіз тола ма?

— Бұл жерде таңдау жоқ. Іріктеу кезеңнің плей-офф бәсекесіне жетудің өзі - ерен еңбек. Жеребе деген осындай дүние.

— Нұр-Сұлтанда күн жаңбыр. Бұған көзқарасыңыз қандай?

— Жақсы жағынан қараймын. Біздің ел орманға бай. Жаңбыр жауған кезде саңырауқұлақтар көбейеді (күледі). Ол өте жақсы.

— Жасанды алаң — БАТЭ үшін проблема болуы мүмкін бе?

— Ішкі чемпионатта жасанды алаңда жиі ойнап тұрамыз. Еурокубокта да мұндай сәттер кездеседі. Сондықтан тез бейімделеміз деп ойлаймын. «Астана» - өте күшті команда. Біз мұнда 2016 жылы болдық. Ол кезде тегеурінді еді. Қазір де осал емес. Команда құрамы жақсы таңдалған. Бапкері де мықты. Бізді екі қиын кездесу күтіп тұр.

— Плей-оффты сырт алаңда бастағанға көңіліңіз тола ма?

— Бізде әр түрлі «сценарийлер» болған. Оның бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдаймыз. Ойынның барлық ережелерін қабылдау керек.

- Командаңызда қандай да бір проблема бар ма?

- Негізгі қақпашымыз бен орталық қорғаушыны Минскіде қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Басқасы келді. Негізгі құрам туралы шешім ертең қабылданады. Бірақ қазірдің өзінде кімдерді шығаруға қатысты болжам бар. Егер біз жарақаттар туралы айтатын болсақ, онда тек екі ойыншы ғана командаға көмектесе алмайды.

— «Астана» сапынан кімдерді ерекше атап өтесіз?

— Әр шептің өз көшбасшылары бар. Постников, Маевский, Томасов — өте мықты ойыншылар.

— БАТЭ 2016 жылмен салыстырғанда соңғы жылдарда күшейді ме?

— Бұл тақырыпты ұзақ талқылауға болады. Біздің негізгі құрамның 8 ойыншысы қазір жоқ. Өйткені, олар басқа клубқа ауысып кетті. 8 ойыншы кеткеніне қарамастан, плей-оффқа жеттік. Соған қарағанда, мұның өзіндік ерекшелігі бар екені сөзсіз.

— Ертеңгі ойын 0:0 есебімен аяқталса қалай қарайсыз?

— Бұл сұраққа 29-тамыз күні кешке жауап берейін.

— Жалпы ойыннан не күтесіз?

- Футбол мерекесін күтемін. Еурокубок дегеніміз - бұл жанкүйерлер, стадион және өзіндік антураж. Осы тұста Америка ашпай-ақ қояйын. Біздің

чемпионаттарымызға трибунасы көрерменге толы ойындар жетіспейді.

— «Астанадан» жеңілсеңіз, сіз үшін бұл "трагедия" болуы мүмкін бе?

— Маған осы сұрақты жиі қояды. Спорттағы лексионымда "трагедия" деген сөз жоқ. Спортта басқа да көптеген қорқынышты жағдайлар бар. Екі команда одан әрі өткісі келеді. Әрине, бұл жағымсыз жағдай, әркім өз дивидендін алғысы келеді. Бірақ мен оны қайғылы жағдай деп атамаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер