Қазақстандық теннисші қыз беделді турнирдің негізгі кезеңіне бір қадам жақындады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызНью-Йоркте US Open теннис турнирі іріктеуінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина Аустралия өкілі Арина Родионовамен кездесу өткізіп, екі сетте 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті .
Негізгі турнирге шығуға мүмкіндік беретін іріктеу кезеңінің қорытынды матчында Рыбакина М. Инглис/Л. Карбера жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еске сала кетейік, негізгі турнир 26-тамызда басталады.