Күрес

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты билеттерінің құны 1000-1500000 теңге аралығында

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты билеттерінің құны 1000-1500000 теңге аралығында
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты билеттерінің бағасы белгілі болды деп жазады Prosports.kz Kassir.kz сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим , еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Мұндағы билеттердің бағасы 1000-300 000 теңге аралығында. VIP кабиналарындағы билет пакеті тіпті 1,5 миллион теңге тұрады.

Әлем чемпионатына 100 елдің 900 балуаны қатысады. Нұр-Сұлтан қаласына шамамен 10 мыңнан астам жанкүйер келеді деп күтілуде

Әлем чемпионатын Қазақстан аумағында Qazsport арнасы көрсетеді. Сондай-ақ United World Wrestling (UWW) сайтында онлайн тәртіпте күресті қызықтауға рұқсат бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер