«Астана» - БАТЭ матчы: желідегі жазбалар

«Астана» - БАТЭ матчы: желідегі жазбалар
news-banner7
mobile-news-top

Ертең Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде «Астана» мен Борисовтың БАТЭ командасы кездесу өткізеді. Осыған орай Prosports.kz тілшісі қарсылас клубтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын шолып шыққан болатын.

Қос клуб жанкүйерлерінің қызықты пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Белоруссиялық кейбір фанаттар өздерінің еуропалық екенін жазып, қазақтарды ауыл тұрғындарына теңепті.

Сергей Надзоров: «дала неандертальдарының күл-талқанын» шығару керек».

Андрей Рыжков: «Ағаштар, сендер – бәрібір ағашсыңдар)))».

Сергей Чернуха: «Астаналықтар мұрнын шүйіре бастапты, «орындарына қою керек» оларды».

Женя Гаврилович: «Қысықкөзділерге» сөз бермеген сияқты едік...»

Кейбір қазақстандықтар БАТЭ-нің сөзін сөйлейді. Оның біразы алматылық жанкүйерлер болып шықты.

Сергей Носков: «Құрметті БАТЭ жанкүйерлері, «Астана» фанаттарының сөздеріне мән бермеңдер. Қазақстанда «Астана» клубын жақтырмайтындар өте көп. Себебі, ол – келімсектерден құралған команда. Қазақстанның нағыз жанкүйерлері БАТЭ командасының топтық кезеңге өткенін қалайды».

Ғалым Нагимов: «БАТЭ клубына жанкүйер боламын»

Ғалымжан Сейілбеков: «Асхана жуындыларының» быт-шытын шығарыңдар» (біз балағат сөздерді алып тастадық – ред.)

Қызу пікірталастардың ішінде сөзі дұрыс жанкүйерлер де табылды

Дима Николаев: Жеңіле ме деп қорқамын (БАТЭ)

Сергей Бабицкий: «Екі командаға да сәттілік тілеймін. Бірақ БАТЭ жеңіске жетеді».

Абрам Романович: Бауырлар, мықты ұжым жеңіске жетсін деп тілеймін. «Астана» – фаворит, бірақ бұл футбол ғой, футболдан бәрін күтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ертең «Астана» - БАТЭ матчы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер