Антонио Рукавина: Ойынға толыққанды дайындалдық

Антонио Рукавина: Ойынға толыққанды дайындалдық
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы«Астана» - БАТЭ арасындағы кездесу алдында елорда командасының қорғаушысы Антонио Рукавина ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Ертең Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін өтетін алғашқы кездесу өтеді. БАТЭ – тарихы бай, өте маңызды қарсылас. Дегенмен, біз бұл ойынға толықтай дайынбыз. Біз өз алаңымызда ойнағандықтан, қақпамызға гол жібермей, алаңда жақсы көңіл–күйде ойын өткізуге тиіспіз. Ал ол өз кезегінде қажетті нәтижеге қол жеткізуімізге өз көмегін береді деген сенімдемін.

- Ойынға дайындық қалай өтуде? БАТЭ командасының осал тұстарын байқадыңыз ба?

- Біз осы демалыс күндері ойын өткізбегендіктен, ертеңгі кездесуге бір апта бойы толыққанды дайындық жасадық. Ал қарсыластың осал тұсына келер болсам, ол туралы дәл қазір айтқым келмейді. Бұл біздің құпиямыз болып қала берсін. Ал ертеңгі кездесуде қарсыластың осал тұсын өз артықшылығымыз ретінде пайдалануға тырысатын боламыз.

- Сіз шабуылға жиі араласасыз. Көп гол соққыңыз келе ме?

- Әрине, мен қорғаушы болғандықтан – басты жұмысым өз қақпамды қорғау. Алайда, егер мүмкіндік болып жатса, шабуылда да командама көмектескенді қалаймын.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер