ҚР Президентінің жүлдесіне БАҚ арасында шағын футболдан мини-турнир өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2019 жылдың 30 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Арена" стадионында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.
Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Жарыстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, "Астана Арена" стадионы;
Жарыстың жалпы ережесі:
- Жарыс 2019 жылдың 30 тамызында, "Астана Арена" стадионында өтеді.
- Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады.
- Турнирге барлығы 32 команда қатыса алады, өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 27 тамызына дейін.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай ақ, арнайы номинациялар бойынша үздік атанған ойыншылар үшін қаржылай сыйлық бар.