Командалық

Қазақстан Азия кубогында бақ сынайды

Қазақстан Азия кубогында бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

22-24 тамыз күндері Малайзияда 3х3 баскетболдан 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия кубогі сарапқа салынады. Аталған сынға Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы қатысады.

18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия кубогі 3х3 баскетболдан Азия және Океания аймағындағы басты турнир саналады. Кубоктік дода 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Ерлер арасында Жаңа Зеландия, қыздар арасында Қытай құрамалары турнирдің қазіргі чемпиондары саналады.

Қазақстан ерлер командасы D тобында сынға түседі. Команданың бірінші қарсыласы іріктеу сынынан соң анықталады, ал екінші ойын Қырғызстанға қарсы өтеді.

Ал Қазақстан қыздар командасы В тобына түсті. Олар Моңғолия мен Австралия құрамаларына қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер