Еркін күрес

Данияр Қайсанов: Басты мақсат - әлем чемпионатында жүлде алу

Данияр Қайсанов: Басты мақсат - әлем чемпионатында жүлде алу
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Данияр Қайсанов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әлем чемпионатына дайындық кезеңі жайлы әңгімеледі.

Бұл күндері еркін күрестен Қазақстан командасы АІВА академиясының базасында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

«Оқу-жаттығу жиындары өте жоғары деңгейде өтуде. Дағыстан мен Қырғызстаннан жақсы балуандар келді. Бұл жиынның бізге берер пайдасы көп. Жаттығудың келесі кезеңі үш аптадан соң елордада басталады. Лицензиялық әлем чемпионатына дайындығымыз жақсы. Бапкерлеріміз бізге дұрыс нұсқау көрсетіп, бар білгендерін үйретіп жатыр. Бас жаттықтырушы Әсет Серікбаев бастаған бапкерлер қауымына алғысым шексіз», - дейді Қайсанов

74 келіде белдесетін Данияр өзінің әлемдік сындағы басты қарсыластарына да тоқталып өтті.

«Менің салмағымда бәсекелестік өте жоғары. Бұл салмақта «сен тұр, мен атайын» деген мықтылар көп. Олимпиада чемпионы, америкалық Джордан Барроуз, Италия атынан сынға түсетін Франк Чамисо, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, өзбекстандық Бекзат Абдурахмоновтар бар. Одан бөлек, Франция мен Түркиядан жақсы балуандар келеді. Ресейлік Заурбек Сидаковты да ұмытпау керек», - дейді Данияр.



Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алға қойылған мақсатына жетуді көздейді.

«Кем дегенде лицензия алып, медальға қол жеткізу үшін барымды саламын. Әлем чемпионатынан бөлек, Азия құрлығында және әлемдік турнирде лицензия таратылады. Олимпиадаға қатысатын балуандар қатарына кіру – басты міндет», - дейді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер