Әлем футболы

«Аякс» кипрлік клубты ұта алмады

«Аякс» кипрлік клубты ұта алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс кипрлік АПОЭЛ Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңінде кішігірім сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының өткен маусымында 1/2 финалға дейін барған голландиялық «Аякс» сырт алаңда кипрлік команданы ұта алмады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл қос команда арасындағы алғашқы матч болатын.

Қарымта кезедсу 27 тамыз күні Амстердамдағы «Амстердам Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, елодалық «Астана» өткен жылы дәл осы АПОЭЛ-ды еурокубоктағы топтық кезеңсіз қалдырған еді. Еуропа лигасының төртінші кезеңінде Қазақстан чемпиондар қос матч қорытындысы бойынша кипрліктерді жеңіп кеткен болатын.

ЧЛ. Плэй-офф кезеңі. Бірінші матч

АПОЭЛ - «Аякс» - 0:0

Алаңнан қуылды: Нуссер Мазрауи 80(«Аякс»)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер