Әлем футболы

Роналду зорлау ісі бойынша пара бергенін мойындады

Роналду зорлау ісі бойынша пара бергенін мойындады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне зорлады деген Кэтрин Майоргиге пара берген, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2009 жылы Кэтрин Майорги Лас-Вегаста өзін белгісіз біреу зорлады деп полицияға шағымданған. Алайда арада бір жыл өткенде ол ақпаратты жария етпеу туралы Роналдудың заңгерлерімен келісімшартқа отырған.

TMZ арнасының мәліметінше, Роналду 2010 жылы Кэтрин Майоргиге $ 375 мың көлемінде пара бергенін мойындаған. Дегенмен футболшы өзіне тағылған айыптан бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 28 қыркүйекте немістің Der Spiegel басылымы Роналдудың 34 жастағы Майоргиді зорлағаны туралы оқиғаны жариялады. Осы жылы АҚШ прокуратурасы ойыншының кінәсін дәлелдейтін айғақ жеткіліксіз болғандықтан Криштиануға қарсы іс қозғамайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер