Әлем футболы

«Барселона» Неймарды жалға алмақ

«Барселона» Неймарды жалға алмақ
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» «Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймарды қайтару үшін барлық амалға дайын.

Sky Sports мәліметінше, каталондық клуб ПСЖ-дан бразилиялық футболшыны жалға алу бойынша ұсыныс жасамақ. Алайда келісімшартта ойыншыны жалға алу мерзімі аяқталғаннан соң міндетті сатып алу құқығы болады.

Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» шабуылшысын ешқайда жібермейтінін мәлімдеген болатын. Алайда Неймардың өзі командада қалғысы келмейтінін бірнеше мәрте айтқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер