русский язык
Бокс

АРВ алғашқы семинары өтті

АРВ алғашқы семинары өтті

Талғар ауданында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында АРВ бағдарламалары бойынша АИБА-ң алғашқы сертификатталған семинары өтті, деп мәлімдейді ҚБФ ресми сайты.

Семинарға төрешілер, жаттықтырушылар, супервайзерлер, ШТО мамандары – әлемнің 15 елінен барлығы шамамен 160 адам қатысты.

Олардың қатарында отандық мамандар да бар, атап айтсақ, бокстан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Нұрғали Сафиуллин, Александр Стрельников, Марат Елеусінов, Марат Жақиев, Сапабек Мұқышев; төрешілер Рақымжан Рыспаев, Наталья Цой, Бақытжан Бекпенбетов бар. Семинарға теориялық және тәжірибелік сабақтар енгізілген. Семинар бойынша ойдағыдай емтихан тапсырған қатысушылар, АРВ жарыстарына қызмет көрсету құқығына ие болады.

Іс-шараға АИБА-ң төрешілер мен жаттықтырушылар комиссияларның басшылары - Терри Смит (Уэльс) және Адам Кушер (Польша) мырзалар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;