Еркін күрес

Әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі ресми жарияланды

news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2019 жылғы Әлем чемпионаты (лицензиялық) 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін ресми түрде жариялады.

Команданы толық жасақтау үшін бірнеше салмақтағы балуандар арасында қосымша белдесулер өткізілді. Нақтылап айтар болсақ, бапкерлер кеңесі 65, 86, 92 және 125 келідегі үздік балуанды анықтау үшін қосымша белдесулер ұйымдастырды.

65 келіде Дәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов күресіп, тәжірибелі Дәулет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен Азамат Дәулетбеков арасындағы белдесудің жеңімпазы болып Әділет танылды. 92 келідегі Ералы Әбдірашев пен Нұрғали Нұрғайыпұлының арасындағы кездесу соңғысының жеңісімен аяқталды. 125 келіде Олег Болтин Юсуф Батырмұрзаевтан басым түсті.

Еркін күрестен лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

57 келі: Нұрислам Санаев
61 келі: Расул Қалиев
65 келі: Дәулет Ниязбеков
70 келі: Нұрғожа Қайпанов
74 келі: Данияр Қайсанов
79 келі: Ғалымжан Өсербаев
86 келі: Әділет Дәулембаев
92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Олег Болтин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер