Әлем футболы

«Пушкаш Жүлдесіне» үміткерлердің тізімі жарияланды

«Пушкаш Жүлдесіне» үміткерлердің тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) «Пушкаш-2019» жүлдесіне үміткердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ференца Пушкаш атындағы жүлдеге» үміткерлердің тізіміне 2018 жылы 16 шілдеден 2019 жылы 19 шілде аралығында соғылған ең үздік он гол еніп отыр.

Бұл жүлдені жеңіп алуға үміткерлер арасында атақты Златан Ибрагимович пен Лионель Месси де бар. Үздік голға дауыс беру 1 қыркүйекке дейін FIFA сайтында жүргізіледі.

Айта кетейік, 2018 жылы бұл сыйлықты «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах жеңіп алған болатын. Оның АПЛ аясында «Э́вертон» қақпасына соққан голы жылдың үзді атанған еді.

Тіпті бір кездері Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасына соғылған гол да «Пушкаш жүлдесін» алған. 2010 жылы Түркия құрамасының ойыншысы Хами́т Алтынто́п біздің бас команданың қақпасына жылдың үздік голын соққан.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер