ҚПЛ-дың үш футболшысы Беларусьтің кеңейтілген құрамына шақырту алды

ҚПЛ-дың үш футболшысы Беларусьтің кеңейтілген құрамына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Беларусь құрамасының бас бапкері Михаил Мархель 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Беларусь құрамасы 2-10 қыркүйек арасында жиын өткізеді. 6 қыркүйекте беларусьтіктер Таллинде Эстониямен күш сынасады. Үш күннен соң Кардиффте Уэльс құрамасымен кездеседі.

Беларусь құрамасының бас бапкері ұлттық команданың кеңейтілген құрамына 30 футболшыны шақырған:

Қақпашылар: Александр Гутор («Динамо-Брест»), Андрей Климович («Шахтер» Солигорск), Антон Чичкан (БАТЭ Борисов), Максим Плотников («Динамо-Минск»).

Қорғаушылар: Александр Мартынович («Краснодар», Ресей), Денис Поляков («Урал», Екатеринбург, Ресей), Сергей Политевич («Қайрат», Алматы, Қазақстан), Сергей Матвейчик («Шахтер», Солигорск), Захар Волков (БАТЭ, Борисов), Александр Павловец («Динамо-Брест»), Никита Наумов («Жетісу», Талдықорған, Қазақстан), Максим Швецов («Динамо-Минск»), Николай Золотов («Витебск»).

Жартылай қорғаушылар: Станислав Драгун, Игорь Стасевич, Дмитрий Бага, Евгений Яблонский (бәрі — БАТЭ, Борисов), Павел Нехайчик, Павел Савицкий (бәрі — «Динамо-Брест»), Сергей Баланович, Юрий Ковалев, Макс Эбонг (бәрі — «Шахтер», Солигорск), Иван Маевский («Астана», Қазақстан), Кирилл Печенин («Витебск»), Владислав Климович («Торпедо-БелАЗ»), Иван Бахар («Минск»).

Шабуылшылар: Николай Сигневич («Ференцварош», Будапешт, Венгрия), Денис Лаптев («Динамо-Брест»), Максим Скавыш (БАТЭ, Борисов), Виталий Лисакович («Вараждин», Хорватия).

23 футболшыдан құралған негізгі тізім 2 қыркүйекте белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер