Бокс

Инсайдер: Головкин жаңа промоутер тапты

Инсайдер: Головкин жаңа промоутер тапты
news-banner7
mobile-news-top

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкиннің командасындағы өзгерістер туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Инсайдердің ақпаратына сүйенсек, Головкин алдағы уақытта Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнмен жұмыс істемек. Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы алдағы жекпе-жегінен бастап британиялық промоутермен әріптестік құрмақ екен.

Инсайдер өз мәліметінде Головкиннің қазіргі промоутері Том Леффлер туралы ештеңе айтпады.

Айта кетейік, биыл көктемде Головкин бірнеше жыл бірге жұмыс істеген бапкері Абель Санчеспен қоштасқан болатын.

Головкин мен Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер