Әлем футболы

Гризманнға неге 7-нөмірмен ойнауға болмайды?

Гризманнға неге 7-нөмірмен ойнауға болмайды?
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» ойыншысы Антуан Гризманн жаңа клубында өзіне үйреншікті 7-нөмірмен ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Француз форварды Испания Примерасының маусымын 17-нөмірмен бастаған, себебі ол кезде 7-ші нөмірде Филиппе Коутиньо бар еді. 17-нөмірмен Гризманн «Атлетикке» қарсы 1-тур матчында ойнады.
Кейін Коутиньо «Баварияға» ауысып, 7-нөмір босап қалған.

Бірақ Испания футбол федерациясының ережесі бойынша, ойыншы чемпионат барысында нөмірін ауыстыра алмайды. Сондықтан Гризманн енді 7-нөмірін келесі маусымда ғана ала алады.

Франциялық футболшы өзінің клубтық карьерасында тек 7-нөмірмен ойнап келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер