Командалық

Азия чемпионаты. Қазақстан жапон волейболшыларынан жеңілді

Азия чемпионаты. Қазақстан жапон волейболшыларынан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының топтық кезеңінде матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл жолы отандастарымыздың қарсыласы Жапония болған. Ойын үш партияға созылды. Қазақстандықтардың өкінішіне қарай, матч жапон волейболшыларының жеңісімен аяқталды – 3:0.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Аустралияны 3:0 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер