русский язык
Футбол

Андрей Шевченко бапкер болмақшы

Андрей Шевченко бапкер болмақшы

Украиналық шабуылшы журналистерге берген сұхбатында футбол бапкері болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды sovsport.ru.

«Бапкердің жолы – менің жолым деп ойлаймын. Сондықтан оқуды аяқтағым келеді. Киевтік «Динамоның» бапкерлері және ойыншыларымен тілдесіп тұрамын. Менде ақпарат бар. Сондықтан осы жұмысқа дайын болған кезде, қандай мүмкіндігім болатынын қараймын», - деді Шевченко италиялық газете La Gazzetta dello Sport газетіне.

Естеріңізге сала кетсек, Андрей Шевченко «Милан», «Челси» және киевтік «Динамода» өнер көрсетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;