Ауыр атлетика

Қазақстан чемпионы допинг дауына ұшырады

Қазақстан чемпионы допинг дауына ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан 2010 жылғы Қазақстан чемпионы (109 келіден жоғары) әрі рекордшы Магомед Абуев допинг қабылдады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының таратқан мәліметі бойынша, Абуев допингке қарсы ережелерді, атап айтқанда, 2.2-бапты бұзды деген күдікпен, үстіміздегі жылдың 16 тамызынан бастап жарыстардан шеттетілген. Сот талқылауы жалғасып жатқанда, IWF бұл іс жабылғанға дейін қосымша түсініктеме бермейді. Егер спортшы ақталса немесе күдік дәлелденсе, федерация баспасөзі ресми мәлімдемесінде хабарлайды.

Абуевтен басқа бұндай күдікке мына спортшылар да ілігіп отыр. Олар: әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Лапиков, Еуропаның екі дүркін чемпионы Надежда Евстюхина, Еуропа вице-чемпионы Юлия Коновалова, Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Адам Малигов пен Максим Шейко, сондай-ақ 2015 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Чингиз Могушков.

Сонымен қатар, хабарламада бұл шешім Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің Мәскеудегі допингке қарсы зертханасынан алынған ақпарат негізінде қабылданғаны айтылған. Жалпы WADA 298 ресейлік спортшыдан допинг қолданған деп күдіктеніп отыр.

Еске сала кетейік, Магомед Абуев 2005 жылы Павел Лидің жетекшілігімен ауыр атлетикамен айналыса бастаған. 2010 жылы ел рекордын жаңарта отырып, (416) Қазақстан чемпионатын жеңіп алған. Содан кейін Шешенстанға кетті. Қазіргі бапкері - Ибрагим Самадов. 2017 жылы Абуев Ресей чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер