Дзюдо

Айдын Смағұлов: Токио төрінен екі медаль алуды жоспарлап отырмыз

Айдын Смағұлов: Токио төрінен екі медаль алуды жоспарлап отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Жапония астанасы Токиода өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Бірнеше күннен соң команда мүшелері Токио төріндегі жарысты бастайды.

Қазақстан атынан алғаш болып Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев татамиге шықпақ. Команда бас бапкері Айдын Смағұлов чемпионатқа дайындықтың қалай өткенін баяндады.

«Жақында ғана Бурабайда жаттығу жиынын өткізген едік. Енді Алматы облысындағы АІВА академиясының базасында өте қарқынды дайындық жүргізудеміз. Осы жиыннан соң Токиоға ұшып кетеміз. Әлем чемпионаты 25 тамыз күні басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев сынға түседі. Әлем чемпионатының екінші күнінде Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжановқа үміт артамыз. Үшінші күні Жансай Смағұлов, төртінші күні Руслан Мұсаев пен Дидар Хамза, бесінші күні Айбек Серікбаев бақ сынайды. Содан соң, аралас командалық сын басталады. Жігіттер дайын, барлығы дұрыс бағытта», - дейді бапкер.

Сондай-ақ, Айдын Смағұлов әлем чемпионатында қанша медальдан үмітті екенін де айтты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер