Әлем футболы

Меркельдің командасы жеңілді. Видео

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель доп тебетін «Хераклес» жеңіліске ұшырады, деп жазады Prosports.kz.

Голландия чемпионатының үшінші турында өз алаңында ПСВ командасын қабылдаған «Хераклес» 0:2 есебімен жеңілді. Меркель бұл ойында толық матч өткізді.

«Хераклес» (Алмело) - ПСВ (Эйндховен) 0:2 (0:1)

Гол соққандар: Стивен Бергвейн (16-ші минут), Мохаммед Ихаттарен (58-ші минут).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер