Борисовтағы БАТЭ - «Астана» матчы билеттерінің құны белгілі болды

Борисовтағы БАТЭ - «Астана» матчы билеттерінің құны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі белоруссиялық БАТЭ-нің «Астанамен» болатын матчтағы билеттерінің құны белгілі болды деп хабарлайды, Prosports.kz БАТЭ клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Билеттердің бағасы орындардың орналасу тәртібіне байланысты, теңгеге шаққанда 1000-3000 теңге аралығында. Билеттер 20 тамыз күні сатылымға шығарылады.

Еске сала кетейік, қос команданың бірінші матчы 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында, қарымта ойын 29 тамызда Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер