Басқа

«Бұқаралық спорт қарыштап дамиды»

«Бұқаралық спорт қарыштап дамиды»
news-banner7
mobile-news-top

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен велошеруге қатысты. Шара басталмас бұрын ол құттықтау сөзін сөйледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан баршаңызды Спорт күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты насихаттау жолында ел алдына, қоғам алдына бірнеше биік мақсаттарды қойып отыр. Сол мақсаттарға жете берейік. Бұқаралық спорт қарыштап дами берсін.

Осынау спорт күнінде нұрсұлтандықтарға, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спорт жанкүйерлеріне рақмет айтамыз, сіздерді де Спорт күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бүгін мынадай жоғары деңгейдегі велошеруді ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Спорт күні баршаңызға қуаныш сыйласын!», - деді ол өз құттықтауында.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақтоты Райымқұлованың Спорт күніне орай Нұр-Сұлтанда велошеруге қатысқаны хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер