Басқа

Мәдениет және спорт министрі велошеруге қатысты

Мәдениет және спорт министрі велошеруге қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтап, велошеруге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Министр өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында құттықтау тілегін жеткізді.

«Достар, баршаңызды Спорт күнімен құттықтаймын! Таң сайын жаттығу жасайтындарды да, Жеңіс тұғырына көтеріліп, біздің аспан түстес туымызды желбіретіп, көңілімізге еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялататын отандастарды да құттықтаймын. Әдетте спорт туралы айтқанда, бапкер мен жанкүйерді елемей кетіп жатамыз, алайда осы үштіктің бірлігінің арқасында ғана жетістікке қол жеткізуге болады. Спортқа, демек ұлт денсаулығына үлес қосқан адамдардың бәрін құттықтаймын.

Тамыздың үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтеді. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің спортшылар халықаралық сайыстарда Қазақстанның айбынын асқақтатты. Жас ұрпақ олардың сара жолын жалғастыруда. Бұған тұрақты саясат та әсер етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа деген әр Жолдауында спорттың адам өмірінде ғана емес, қоғамда да маңызды рөл атқаратынын айтып отыратын. Тұңғыш Президент атап өткендей, 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 30%-ы бұқаралық спортқа тартылуы керек. Спорт шынымен де адамдардың ғана емес, мемлекеттер арасындағы татулықты нығайтады. Біз осыны естен шығармауымыз керек.

Токиодағы жазғы Олимпиада да аз уақытта келіп жетпек - бұл тарихи оқиғаның спортшыларымыз үшін орны ерекше. Осы бәсекелі додада байрағымыз биікте желбірейді деп сенеміз. Біздің спортшыларға шын жүректен жеңіс тілеймін! Аман болыңыздар!», - деп жазды министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер