Әлімханұлы жеңіліссіз сериясын жалғады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бүгін түнде АҚШ-та жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жерлесіміз Американың Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында канадалық Стюарт МакЛелланға қарсы рингке шықты.
Бесінші раундта нокдаунға бірнеше рет түскен Стюартты төрешілер жеңілді деп тапты. Осылайша, Жәнібек WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғап қалды.