Бокс

Әлімханұлы жекпе-жегіне қаза болған боксшының құрметіне арнайы киіммен шығады

news-banner7
mobile-news-top

Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегіне қаза тапқан ресейлік боксшы Максим Дадашев бейнеленген шолақ шалбар киіп шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Жекпе-жекте киетін шортыға @dadashev__m бауырымыздың суретін тіктірттік. Жақсы адамдарды ұмытпаймыз. Бір бапкерде жаттықтық, екеуміз бір промоутерде, бір менеджерде болдық. Арамыздан кетсе де жүректе қалады! Иманды болсын!, - дап жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Жерлесіміз Американың Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында канадалық Стюарт МакЛелланға қарсы рингке шығады. Жекпе-жекті18 тамыз күні таңертең QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек 17 тамыз күні Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Қарсыласы 32 жастағы канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер