Теннис

Азияның командалық біріншілігінде қазақстандық қыздар жеңімпаз атанды

Азияның командалық біріншілігінде қазақстандық қыздар жеңімпаз атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның жас теннисші қыздары ITF Asian 12&Under Team Championships турнирінде бірінші орынды иеленді.

Астанада өткен командалық жарыстың финалында қазақстандық қыздар Кореядан келген қарсыластарын жеңді. Қыздар арасынан үшінші орынды Малайзия командасы иеленді. Ұлдар арасында өткен турнирде Үсндістан командасы бірінші орында. Екінші орынды Қытайдың Тайбэй командасы алды. Үшінші қазақстандықтан иеленді.

Еске сала кетсек, 12-19 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен Азияның командалық біріншілігі өтті (ITF Asian 12&Under Team Championships 2019). Жарысқа Йемен, Ливан, Өзбекстан, Гонконг, Корея, Непал, Тайланд, Малайзия, Шри-Ланка, Индия, Филиппин, Индонезия және Тайвань спортшылары қатысты.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер