Еркін күрес

Әсет Серікбаев: Олимпиада лицензияларын мейлінше көп алуымыз керек

Әсет Серікбаев: Олимпиада лицензияларын мейлінше көп алуымыз керек
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев балуандардың чемпионат қарсаңындағы дайындығына баға берді. Сондай-ақ, бас жаттықтырушы олимпиада жолдамалары туралы да әңгіме қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде Алматыдағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бізбен бірге Қырғызстан құрамасы мен Қытайлық Тайпэй елінен үш балуан дайындалуда. 24 тамызға дейін осында жаттығып, дайындықтың соңғы кезеңін Нұр-Сұлтанда өткіземіз. 1 қыркүйектен бастап шешуші жаттығулар жиыны жоспарланған», - дейді бас бапкер. Әсет Серікбаев балуандардың басты қарсыластарына да тоқталып өтті. «Әрине, әлемде мықтылар өте көп. Еркін күрестен Ресейдің бәсі мықты екенін білесіздер. Одан бөлек, Грузия, Әзірбайжан, Иран құрамаларында белгілі бір салмақтарда әлем үздіктері бар. Біздің спортта америкалықтардың да атой салатынын білесіздер. Дегенмен, мен жігіттерге сенемін. Біздің де жақсы балуандарымыз көп. Ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Менің алдымда бәрі де тең, бәрі де бірдей. Кілемге шығатын жігіттердің барлығына да үлкен үміт артып отырмын», - деді Серікбаев. Лицензиялық әлем чемпионатында қазақстандық балуандардың қанша жолдамадан үмітті екені де анықталды. «Токио Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін үш ірі жарыс бар. Біріншісі – биыл елімізде өтетін лицензиялық әлем чемпионаты. Осы біріншілікте үш жолдамаға қол жеткізсек, жаман нәтиже болмас еді. Содан кейінгі екі бәсеке 2020 жылы өтеді. Бірі наурыз айына жоспарланған Азия чемпионаты болса, екіншісі - сәуірде өтетін әлемдік лицензиялық турнир. Бұл екі жарыста финалға шыққан балуандар Токио ойындарына жолдама алады. Осы турнирлердің барлығында аянып қалмайтынымыз анық. Әрине, биыл жолдама деп жүрсек, келесі жылы Олимпиадада қанша медаль алатынымызды жоспарлауға көшеміз. Сондықтан, әлем чемпионатында лицензияны мейілінше көп алуға тырысу керек», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер