Әлем футболы

«Лион» қарсыласын 6:0 есебімен ұтты

«Лион» қарсыласын 6:0 есебімен ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Франция 1-лигасының екінші турында «Лион» өз алаңында «Анжені» ірі есеппен тізе бүктірді. Мемфис Депай мен Мусса Дембеле дубль авторлары атанды, деп жазады Prosports.kz.

«Стад» де Люмьер» стадионында өткен матчта Мемфис Депай мен Мусса Дембеле қос голдан соқса, жартылай қорғаушылар Уссем Ауа мен Жеан Лукас қақпаны дәл көздеді.

«Лион» командасы екі турда ғаламат көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Бірінші турда «Монаконы» да ірі есеппен жеңген команда екі ойында 6 ұпай жинап, 9 гол соғып, өз қақпаларына доп жібермеген

«Лион» келесі турда «Монпельеге» қонаққа барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер