Эрич еурокубоктардағы 20-шы «құрғақ» ойынын өткізді

Эрич еурокубоктардағы 20-шы «құрғақ» ойынын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің екінші матчында «Астана» Мальтаның «Валлетта» командасын 4:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша, «Астана» осы еуро маусымда үшінші рет өз қақпасына гол жіберген жоқ.

Бұған дейін Ненад Эрич өз алаңымызда өткен ЧФР (Румыния) командасына қарсы ойында және сырт алаңдағы «Санта Коломамен» (Андорра) ойында гол өткізбеген болатын.

Жалпы алғанда, «Астана» капитаны қазірге дейін еурододаларда қақпасын құрғақ сақтаған ойындар саны 20-ға жетті. Оның ішінде Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бес ойын және чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі бір ойын бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер