Әлем футболы

Бахтияровтың командасы Ресей чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Бахтияровтың командасы Ресей чемпионатындағы алғашқы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей чемпионатының 6-шы турында «Сочи» мен «Оренбург» тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Оренбургте өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері Калугин соққан автоголдың арқасында есепте алға шыққан, алайда қонақтар сапынан Полоз пенальтиді сәтті орындап есепті теңестірді.

Айта кетерлігі, «Сочи» Ресей Премьер лигасында осы маусымдағы алғашқы голын соғып отыр. Бұл команда РПЛ-ге биыл жолдама алған болатын.

Ал «Сочи» сапында доп тебетін Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров бүгін қосалқы құрамда қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер