Григорчукты шетелде сынға алды

Григорчукты шетелде сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропа Лигасы плэй-офф кезеңінде «Астана» бұрыннан таныс қарсылас БАТЭ-мен кездеседі. Беларустің sputnik.by порталы БАТЭ-ның үшінші кезеңдегі матчын саралай келе, «Астанаға» тоқтала кетті. Команданың бас бапкері Роман Григорчукке де бір тиісіп алды. Ішкі біріншілігінің Қазақстан чемпионатымен салыстырғанда төмен екенін де мойындады, деп жазады Prosports.kz.

- Топтық кезеңге өту үшін мальталық «Вальеттаны» оңдырмаған (5:1, 4:0) «Астананы» ұтуымыз керек. Бүгінгі таңда біздің футболшылар Қазақстан чемпионатына ұмтылатынын мойындауымзға тура келеді. Деңгей жоғары болып тұр. Тіпті, Ұлттық құрамамыздың футболшысы Гордейчуктің(Михаил Гордейчук, шабуылшы, «Тобыл», 14 ойын, 2 гол) өзі көзге түсе алмай, қайтып келді. Ал, ол жақтан біздің біріншілікке ешкім қызықпайды.

«Сары-көктерге» қазақстандық клубтар алынбас қамал. Екі жыл бұрын осы «Астанадан» ұтылғанымыз да есімізде. Ол «Астанамен» бүгінгі команданы салыстыруға болмайды дейтіндер де бар. Бірақ, соншалықты осал болып кете қойған жоқ шығар. Нұр-Сұлтандағы ойын алдында Роман Григорчуктің командасы сөзсіз фаворит.

Осы бапкердің БАТЭ жайлы білімі «ақсап» тұрғанын байқадық. Ол: «БАТЭ - бұл футболдағы бренд, клуб еуропалық аренада көп жетістіктерге жетті. Құрамы жақсы жасақталған, өте тәжірибелі бапкері бар» - деді.

Жоғарғы деңгейде бір жылдан бері ғана бапкерлік етіп жүрген Баганы өте тәжірбиелі деу, біз жайлы мағлұматқа қанық емес деген сөз. Дәл осы фактор БАТЭ-ге көмек болса екен деп тілейміз - деп қорытындылады портал.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер