US Open-2014. Джокович ширекфиналға жолдама алды
![US Open-2014. Джокович ширекфиналға жолдама алды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1409637032_188037791.jpg?v=28699109)
Неміс Кольшрайбер әлемнің бірінші ракеткасына қарсы ештеңе істей алмады.
27 жастағы Новак Джокович Филипп Кольшрайберге бір сет те бермеді. Қорытынды нәтиже – 6:1, 7:5, 6:4. Аталмыш теннисшілер арасындағы алтыншы кездесу 2 сағат, 5 минутқа созылды, алда серб – 5:1.
АҚШ Ашық чемпионатының ширекфиналында Новак француз Жо-Вильфред Тсонганы үш сетте жеңген британиялық Энди Марреймен кездеседі.