Бокс

Австралиялық боксшы Жаңабевтан есе қайтарғысы келеді

news-banner7
mobile-news-top

14 тамызда Нұрсұлтан Жаңабаевтан жеңілген австралиялық боксшы Стив Гаго есе қайтарғысы келеді. Онымен қоса, өзің өткен жекпе-жектің жеңімпазымын деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен реванш алғым келеді, өйткені мен жеңдім деп ойлаймын. Менде дәл тиген соққылар көп болды. Боксшының жеңісі осымен бағаланбай ма? Меніңше, бізде шешілмеген мәселе бар. Жұыдықтасу үшін Сиднейге де, Қазақстанға да барамын. Өйткені мен әлемдік титул үшін күресуге қабілетті екенімді дәлелдегім келеді », - деді Гаго.

Кейбір австралиялықтар, соның ішінде бокс аңызы Барри Майкл, Гаго бұл жекпе-жекте жеңіске жетті деп санайды.

Алайда, Жанабаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін беліне байлаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер