Серікжан Мужиков: «Жеңіске жету өте маңызды болды»

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңініңқарымта кездесуіндемальталық«Валлеттаны» 4:0 есебімен жеңді. Осы кездесуде негізгі құрамда алаңға шыққан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Жақсы ойын өрбіді. Қарсылас бізге ойнауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде біз оны лайықты пайдаланып, өзімізге қажет голдарды соға алдық. Енді келесі кездесуге дайындалып, клуб басшылығы алдымызға жүктеген – Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу тапсырмасын орындауға тиіспіз.

- Қарсылас таң қалдыра алды ма?

- Үйдегі ойында қажетті нәтижеге қол жеткізіп алғандықтан, бүгін өзімізге тән ойын үлгісін көрсете алдық. Стадионға қазақстандық жанкүйерлер көп келіп, кездесу барысында бізге тамаша қолдау көрсетіп тұрғанда, бұл ойында да жеңіске жету аса маңызды болды.

- Осы жылы «Астана» командасына жеребе жолдас болды дей аласыз ба?

- Әрине, өткен маусымдарда біз танымал командаларға қарсы ойнап келдік. Алайда, жеребе бізге мүлде байланысты емес. Қандай команда қарсылас атанса, соған қарсы ойнаймыз. Бұл ретте біздің қарсыластарымыз өз елдерінде чемпион атанған ұжымдар екенін естен шығармауымыз қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер