Әлем футболы

Кәріс жанкүйері Роналдуға сұрақ қою үшін Сеулден Стокгольмге арнайы келген

Кәріс жанкүйері Роналдуға сұрақ қою үшін Сеулден Стокгольмге арнайы келген
news-banner7
mobile-news-top

Кәріс жанкүйері «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдуға сұрақ қою үшін Швецияға арнайы келген, деп жазады Prosports.kz сайты.

Квак-Джи Юк футбол жанкүйері туриндік команда қоныстанған Стокгольмдегі қонақ үйге барып, дәлізде Криштиану Роналдуға сұрақ қойған. Кәріс жанкүйерін Роналудың Корея К-лигасының жұлдыздарына қарсы матчта неге алаңға шықпағаны қызықтырған. Алайда ол сұрағына жауап ала алған жоқ.

Айта кетейік, ресми дерекке сенсек Криштиану Роналду Корея лигасының жұлдыздарына қарсы матчқа кішігірім жарақатынан салдарынан қатыспаған. Келісімшарт бойынша Роналду алаңға шығуы тиіс болатын, сол үшін де Корея лигасының басшылары жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер