Бокс

«Канело» 2 қазанда MGM Grand кешенінде жекпе-жек өткізеді

«Канело» 2 қазанда MGM Grand кешенінде жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясы мексикалық боксшы Сауль Альварестің қашан және қай жерде жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

ESPN мәліметі бойынша, «Канело» шаршы алаңға 2 қазан күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand кешенінде қайтып оралады. Қарсыласы жекпе-жекке бір ай қалғанда белгілі болады.

Сауль Альварестің өзі 24 тамыз күні Челябинскте өтетін Сергей Ковалев - Энтони Ярд жекпе-жегінің нәтижесін күтпек. Ресейлік боксшы сенімді жеңіске жетсе «Канеломен» жекпе-жек өткізуі ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, Альварес соңғы жекпе-жегін 4 мамыр күні Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер