Күрес

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрамның 90 пайызы анықталды.

«Бұл күндері Сочи қаласында Ресей, Венгрия, Эстония және Финляндия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық жақсы қарқынмен басталды. Әлемдік сын қарсаңындағы соңғы жиынды елде өткіземіз. Нұр-Сұлтандағы әлемдік сынға қатысатын құрамның 90 пайызы анықталды. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатынын шешкен жоқпыз. Осы жиыннан соң нақты белгілі болады», - деді бас бапкер.

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 50 келі: Валентина Исламова 55 келі: Марина Седнева 57 келі: Эмма Тисина 59 келі: Мадина Бақбергенова 62 келі: Аяулым Қасымова 65 келі: Айна Теміртасова 68 келі: Ирина Казюлина

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер