Бокс

Елеусінов жеңілмеген боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді

Елеусінов жеңілмеген боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кешінің басты оқиғасы Девин Ханей мен Заур Абдуллаев арасындағы жекпе-жек болмақ. Елеусіновтің қарсыласы 34 жастағы американдық боксшы Решард Хикс, ол кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізген. Оның 12-сінде жеңіске жетіп, бір кездесуді тең аяқтаған.

Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов 27 шілдеде Арлингтондағы College Park Center Arena-да шаршы алаңға шығу керек болатын. Алайда, боксшымызға суық тиіп, жекпе-жек кейінге шегерілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер