Бокс

Украиндар Деревянченконың Головкинді жеңетініне сенбейді

Украиндар Деревянченконың Головкинді жеңетініне сенбейді
news-banner7
mobile-news-top

Украинаның sport.ua порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мықты-осал тұстарын зерттеп, отандасы Сергей Деревянченконың жеңісіне сенбейтіндерін ашық жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Сергей Деревянченко жақында Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шығуы мүмкін. Ағайынды Кличколар кеткеннен кейін, бұл жекпе-жек украин боксы үшін өте маңызды. Сергей қомақты қаржыға қол жеткізеді. Кейбір мағлұматтар бойынша 5 миллион доллор. Және DAZN-дағы дебютін жасайды.

GGG қашан да «Big Drama Show» жасаудың шебері. Америкалықтар Гена үшін ақша төлеуге дайын. Қырық жасқа таяса да бұл боксшының соққысы жойқын, рингте қарсыласын қыспаққа алып, жиі шабуылдайды. Головкин мен Альварес ең көп қызығушылық тудыратын боксшылар. Украиналық қайсымен жекпе-жекке шықса да, қалтасын қампайтады. Қазақ боксшына қарсы жұдырықтасуы бек мүмкін. Оны бәрі күтіп жүр.

Головиннің осал тұсы бар. Шабуыл кезінде қорғанысты жиі ұмытады. Бірақ, оны Альварестің өзі құлата алмады. Канадалықтың соққысы Деревянченкодан осал деп ойлайсыз ба?

Қазақстандықты жеңу үшін Сергей алғашқы жаттығуына бастап, жекпе-жектің соңғы секундтарына дейін бар күш-жігерін салуы тиіс. Бірақ, соның өзі жеңіске жету үшін жеткілікті ме? Бәрі Головкинге байланысты. Қарсылас өте мықты болып тұр. Ашығын айту керек, Деревянченконың жолы болатынына күмәніміз бар - деп жазды портал өз материалында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Деревянченко 5-ші қазан күні Нью-Йорк қаласынадғы Madison Square Garden кешенінде жекпе-жек өткізеді.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер