Әлем футболы

УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады

УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА баспасөз қызметі өткен маусымдағы Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар:

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси. Өткен маусымда 10-шы рет Испания чемпионатын жеңіп алды, Чемпиондар лигасында 12 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды;

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол Португалия құрамасымен Ұлттар лигасында топ жарды. Италия чемпионы атанды;

«Ливерпуль» қорғаушысы Верджил ван Дейк. Голландиялық қорғаушы «Ливерпуль» клубының құрамында Чемпиондар лигасы кубогын жеңіп алды.

Жеңімпаздың есімі 29 тамыз күні белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер