Күрес

Әлем чемпионатында бақ сынайтын балуандар белгілі

Әлем чемпионатында бақ сынайтын балуандар белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2019 жылғы Әлем чемпионаты (лицензиялық) 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына да таласатын болады. Әлем чемпионатында ( олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.

Бүгін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының осы сында өнер көрсететін құрамы анықталды. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрам 90 пайыз белгілі болған. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатыны қазірше белгісіз.

Бұдан өзге салмақтарда бақ сынайтын бұрымды балуандардың тізімі:

50 келі: Валентина Исламова
55 келі: Марина Седнева
57 келі: Эмма Тисина
59 келі: Мадина Бақбергенова
62 келі: Аяулым Қасымова
65 келі: Айна Теміртасова
68 келі: Ирина Казюлина
72 келі: Жәмила Бақбергенова
76 келі: Эльмира Сыздықова

Осыған дейін еркін күрестен ел үмітін арқалаған толағайлардың да есімі аталған:

57 келі Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)
61 келі Расул Қалиев (ШҚО)
65 келі Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)
70 келі Нұрқожа Қайпанов (СҚО)
74 келі Данияр Қайсанов (ШҚО)
79 келі Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда облысы)
86 келі Әділет Дауланбаев (Алматы қаласы)
92 келі Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана қаласы)
97 келі Әлішер Ерғали (Алматы қаласы)
125 келі Олег Болтин (ШҚО)

Айта кетейік, Күрестен ғаламдық дода қазақ елінде тұңғыш рет өткелі отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер