Еркін күрес

Әлішер Ерғали: Арманым - Олимпиада ойындарына жолдама алу

Әлішер Ерғали: Арманым - Олимпиада ойындарына жолдама алу
news-banner7
mobile-news-top

14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем біріншілігі басталады.

Осыған орай, еркін күрестен Қазақстар құрамасының балуандары АІВА базасында шешуші оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда мүшесі Әлішер Ерғали ғаламдық додаға дайындығы туралы әңгімеледі.

«Ересектер қатарына өткенімен көп болған жоқ. Жастар командасындағы соңғы жылымда тәжірибе жинасам деген мақсатпен ересектер арасына ауыстым. Жаттығу жиындары ойдағыдай өтуде. Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетем деген үміттемін. Дайындық қарқынды жүріп жатыр. Өз жерімізде жанкүйерлерді қуантсақ деген ойдамыз. Менің салмағымда мықты балуандар көп. Сондықтан, жоғары деңгейде күресуге тырысу керек. Менің арманым да, мақсатым да жалғыз. Ол – еліміздегі әлем чемпионатында жүлдегер атанып, лицензияға қол жеткізу», - дейді Әлішер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер