Бокс

МакЛеллан Жәнібекті мазақ етпек болды

МакЛеллан Жәнібекті мазақ етпек болды
news-banner7
mobile-news-top

Канадалық спортшы Стюарт МакЛеллан Жәнібек Әлімханұлын тағы мазақ етпек болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Стюарт Жәнібектің басын Бораттың денесіне фотошоп арқылы қойып, өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Бұл қатігез бизнес, мен оған шаршы алаңда да осылай істеймін» деген пікір қалдырды МакЛеллан.

Еске сала кетейік, канадалық бұған дейін де Әлімханұлы туралы жаман сөздер айтқан. Жәнібек салқынқандылық танытып, жауап қатпады.

МакЛеллан мен Әлімханұлының арасындағы жекпе-жек 17 тамызда өтеді. Қазақстанда бұл жекпе-жекті 18 тамыз күні таңертең QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер