Еркін күрес

Мәулен Мамыров Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатының маңыздылығы туралы айтты

Мәулен Мамыров Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатының маңыздылығы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Атланта Олимпиадасы (1996) мен Красноярскіде өткен әлем чемпионатының (1997) қола жүлдегері, Азия ойындары (1994) мен Азия чемпионатының (1999) жеңімпазы Мәулен Мамыров ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сұхбат беріп, алдағы әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Нұр-Сұлтанда өтетін әлемдік доданың біздің жігіттер үшін біраз басымдықтары бар. Біріншіден, өз жеріңде жалауы желбірейтін жарыста, жанкүйерлер алдында күресу қосымша күш береді. Екіншіден, кілем қожайындарына төрешілер қауымы да оң көзбен қарайды. Өз жанкүйеріңнің алдында намысқа тырысатының тағы бар. Демек, қыркүйекте өтетін әлем біріншілігінде жігіттердің жүлде ұтып, лицензия алатын мүмкіндігі мол. Кілемде жүрген кезімде де мұндайды көп байқайтынмын. Әлемдік бәсекені қабылдаған елдердің балуандары алысқа барады. Сондықтан, жігіттер мұндай сәтті пайдалануы қажет. Жауапкершілікті тым қатты сезініп, психологиялық тұрғыдан ақсайтын спортшылар да болады. Олар жанкүйер алдында ұятқа қалмасам деген оймен қапы қалып жатады. Осы орайда, балуандардың барлығына салқынқандылықты сақтаңыздар дегім келеді. Қазіргі ұлттық құрамадағы спортшылардың барлығы да тәжірибелі. Үлкен жарыстарда сыналып, құрлықтық және әлемдік турнирлерден жүлде алып жүрген жігіттер шетінен. Сол себепті, барлығынан да жақсы нәтиже күтемін. Ешкімді бөліп-жарып айтпаймын. Бәріне бірдей жанкүйер боламын», - дейді даңқты балуан.

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты Нұр-Сұлтанда 14-22 қыркүйек күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер