Жеңіл атлетика

Қазақстандық олимпиада чемпионы Азия жеңіл атлетика комиссиясының мүшелігіне тағайындалды

Қазақстандық олимпиада чемпионы Азия жеңіл атлетика комиссиясының мүшелігіне тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

13 тамыз күні Азия жеңіл атлетика ассоциациясы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне Ольга Рыпакованы құрлықтық ассоциация спортшылары комиссиясына тағайындағаны жөнінде хабарлама жіберген, деп жазады Prosports.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Рыпакованың тағайындалуы жөніндегі хатта ұйымның бас хатшысы А. Шуггумарран құттықтау жазды.

«Сізге өзіңіздің терең біліміңіз бен тәжірибеңізді ала келеді деп сенемін және біз Азия жеңіл атлетикасының дамуы мен жетістігіне қосатын үлесіңізді асыға күтеміз, делінген хатта.

Комиссия мүшелері:

Хатшысы - Андрей Абдувалиев (Өзбекстан)

1) Ван Ю (Қытай)

2) П.Т.Уша (Үндістан)

3) Ольга Рыпакова (Қазақстан)

4) Ли Хуп Вэй (Малайзия)

5) Саад Шаддад (Сауд Арабиясы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер