Әлем футболы

Юрген Клопп баптайтын мерсисайдтықтар Еуропа суперкубогын жеңіп алды

Юрген Клопп баптайтын мерсисайдтықтар Еуропа суперкубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Стамбұлдың «Бешикташ Парк» стадионында Еуропа суперкубогын иелену үшін сыралғы қарсыластар - Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы «Ливерпуль» мен Еуропа лигасының қазіргі чемпионы «Челси» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Алма-кезек шабуылмен басталған матчта ең алдымен лондондықтар есеп ашқан. Пулишичтің дәл берген пасынан кейін, Оливье Жиру гол авторы атанды. Екінші таймға жайдары қалыппен кеткен «Челси», ойынның келесі бөлімі басталғанда қақпаларына гол жіберуге мәжбүр болды. Фирминодан пас алған Садио Мане 48-минутта есепті теңестірді. Бұдан кейін қос қарсыластың гол соғатын мүмкіндіктері болған, алайда, негізгі уақыт бітіп, төреші экстра-тайм белгіледі. 95-минутта Фирмино – Мане жұбы тағы гол соқты. Араға алты минут салып, Жоржиьно пенальтиден есепті тағы теңестірді.

Матч соңындағы пенальтиде «Челси» ойыншысы Абрахам мүлт кетті. Сөйтіп Клопп шәкірттері құрлықтың үздік клубы екенін кезекті рет дәлелдеді.

UEFA суперкубогы. «Ливерпуль» - «Челси» - 2:2, (5:4 – пен.)

Голдар: Садио Мане, 48 , 95 - Оливье Жиру, 36, Жоржиньо, 101 - пен.

Матч соңындағы пенальти: Фирмино, Фабиньо, Ориги, Александр-Арнольд, Салах – Жоржиньо, Баркли, Маунт, Эмерсон, Абрахам – мүлт кетті.

Сары қағаздар: Хендерсон, Александр Арнольд - Аспиликуэта

Допқа иелік ету: 51% - 49%

Соққылар: 20 - 20

Қақпаға дәл бағытталғаны: 11 - 6

Төреші: Стефани Фраппарт (Франция)

«Ливерпуль»: Адриан, Ван Дейк, Гомес, Мане, Матип, Милнер (Вейналдум, 64), Окслейд-Чемберлен (Фирмино, 46), Робертсон (Александр-Арнольд), Салах, Фабиньо, Хендерсон (к)

«Челси»: Аррисабалага, Аспиликуэта (к), Жиру (Абрахам, 74), Жоржиньо, Зума, Канте, Ковачич, Кристенсен (Томори, 85), Педро, Пулишич (Маунт, 74), Эмерсон

15 тамыз. Бешикташ Парк, Стамбұл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер